Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстан футболшылары Сан-Маринодан басым түсті

17.11.2023, 23:53

Келесі ойында Словенияны жеңсе Еуропа чемпионатына жолдама алады

Қазақстан футболшылары Сан-Маринодан басым түсті
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны қабылдады. Маңызды кездесуде отандық футболшылар 3:1 есебімен басым түсті.

Кездесудің бастапқы минуттарынан ойын өте тартысты басталды. 19-шы минутта Ислам Чесноков оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланып, қарсыластар қақпасына гол соға алды. Командасын алға шығарған ол екінші тайм басында тағы да есеп ашып, Сергей Малый берген пасты голға айналдырды.

Осылайша ұлттық құрама жеңіске бір табан жақындай түскен. Алайда, араға көп уақыт салмай сан-маринолық Симоне Франсиоси гол соғып, есептегі айырманы қысқартты. Үздіксіз шабуылдар бір сәтке де толастамай тұрғанда Сан-Марино ойыншылары Қазақстан шабуылшысын айып алаңында шалып жыққан, төреші VAR қарағаннан кейін белгіледі.

Абат Айымбетов жауапты сәтте қателеспей үшінші голды соғып, ұлттық құрама жеңіске жетті. Қажетті үш ұпайға қол жеткізген отандастарымыз қазір турнир кестесінде өз тобында үшінші орында тұр.

21 қарашада Қазақстан сырт алаңда Словениямен  кездеседі. Бұл кездесудегі жеңіс біздің футболшылар үшін аса маңызды. Егер жеңіске жетсе, келер жылы өтені Еуропа чемпионатына жолдама алуы әбден мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам