Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Сан-Марино бапкері H тобындағы шешуші ойында Қазақстанға жанкүйер болатынын айтты

18.11.2023, 12:18

Топқа тиесілі екі жолдаманың бірін Дания жеңіп алды

Сан-Марино бапкері H тобындағы шешуші ойында Қазақстанға жанкүйер болатынын айтты
telegram.org/k/#@Kommentator_Maulen

Қазақстан мен Сан-Марино кездесуінен кейін қос құраманың бас бапкерлері журналистермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Аталған матч 3:1 есебімен біздің құраманың жеңісімен аяқталған болатын.

Фабрицио Константини өз жігіттерінің ойынына разы екенін айтып, шын мықтының жеңіске жеткенін мойындады.

«Мен футболда мықты команда жеңіске жетеді деп үнемі айтып келемін. Бүгін сол ұжым ретінде Қазақстан танылды. Қарсыласымыз көп сәттерде төрешінің шешіміне келіспей жатты. Ал біз болсақ, анық ереже бұзушылық орын алған кезде ғана бас қазының көмегіне жүгіндік. Ойын болған соң қақтығыстар орын алып жатады. Біз алға жылжуды мақсат етеміз. Бүгін өзімізді көрсете алдық деп ойлаймын», - деді Сан-Марино құрамасының бас бапкері.

Ол сондай-ақ, H тобындағы ең шешуші ойында – Словения мен Қазақстан арасындағы матчта біздің елдің аомандасына жанкүйер болатынын айтты.

«Словения мен Қазақстан арасында қызық ойын болары сөзсіз. Шынымды айтсам, Словенияға қарсы ойында Қазақстанға жанкүйер боламын. Словения өте қауіпті команда. Сондықтанда Қазақстанға алдағы кездесуіне сәттілік тілеймін», - деді ол.

Айта кетейік, біздің топта Еуропа чемпионатына берілетін екі жолдаманың бірін кеше Дания құрамасы жеңіп алды. Енді екінші жолдама үшін Қазақстан мен Словения өзара таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам