Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Роналду менімен сөйлеседі деп ойламадым – Кварацхелия сенсациялық жеңісінен кейін

27.06.2024, 09:03

Грузия Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Испания құрамасымен ойнайды

Роналду менімен сөйлеседі деп ойламадым – Кварацхелия сенсациялық жеңісінен кейін
Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының басты сенсациясы F тобында тіркелді. Тарихында алғаш рет ЕУРО-ға қатысып отырған Грузия Португалия құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, Хвича Кварацхелия матчтың ең үздік ойыншысы атанды.

Осы жеңістен кейін Роналду Хвичаға өз футболкасын сыйласа, матч алдында екеуі қысқа диалог құрыпты.

«Ойын алдында біз кездестік, ол маған сәттілік тіледі. Ол маған өзі келіп, менімен сөйлеседі деп өмірімде ойлаған емеспін. Ол – ұлы футболшы және керемет адам. Менің оған құрметім артты. Матч алдында келіп сөйлесуінің өзі жігерлендірді, бәлкім жеңіске жеткенімізге сол да көмектескен шығар», - деді Кварацхелия.

Айта кетейік, F тобында Португалия алты ұпаймен бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Дәл осынша ұпай жинаған Түркия құрамасы да екінші орынмен финалдық кезеңде. Ал, турнирдің басты сенсациясын жасаған грузиндер төрт ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты. Төртінші орындағы Чехияда небәрі бір ұпайы бар.

Грузия үшінші орын алған командалардың арасында ұпай саны жағынан екінші орында тұр, яғни олар да плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам