Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

EURO-2024: ширек финалға шыққан алғашқы команда анықталды

29.06.2024, 23:02

Еуропа чемпионатының соңғы чемпиондары жарыс жолынан шығып қалды

EURO-2024: ширек финалға шыққан алғашқы команда анықталды
Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңі сенсациямен басталды. Финалдық кезеңнің алғаш матчы Швейцария – Италия арасында өтіп, Еуропа чемпиондарының жеңілісімен аяқталды.

Топтық кезеңде де сәтті өнер көрсеткен Швейцария құрамасы ойын бастала салысымен сауатты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 37-минутта жартылай қорғаушы Ремо Фройлер есеп ашса, екінші тайм бастала салысымен Рубен Варгас (46-минут) таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Жеңіліп жатқаннан кейін Италия құрамасы шабуылды күшейтуі керек еді. Алайда, «Скуадра адзурра» 90 минут бойы қақпаға небәрі бір-ақ рет дәл тепті.

Енді Швейцария ширек финалда Англия – Словакия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Италиялықтар үйге қайтуға мәжбүр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам