Ширек финалда олар Испаниямен кездесуі әбден мүмкін
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына Германия да шықты. Плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында Даниямен ойнаған Нагельсман шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетіп отыр.
Айта кету керек, бірінші таймда гол соғылмағанымен, матчтың алғашқы бөлігі немістердің аса қарқынды шабуылдарымен есте қалды. Көп жағдайда Каспер Шмейхель қақпасын анық голдан құтқарып қалып жатса, енді бірде Шлоттенбергтің соққан голын төреші есепке алмады. Ал, тайм аяқталуға бес минут қалғанда күн күркіреп, найзағай ойнағандықтан, төреші ойынды бірнеше минутқа тоқтатты.
Екінші тайм басталған сәтте даниялық Йоаким Андерсен (48-минут) гол соққан. Алайда, төреші мұны оффсайд деп есепке алған жоқ. Матчтан кейін спорт журналистері аталған эпизодта дат ойыншысы ойыннан тыс қалмағанын көрсетті.
Есесіне, араға бес минут салып төреші Дания қақпасына пенальти белгіледі. Кай Хаверц мүлт кеткен жоқ (53-минут). Ал, 68-минутта Джамаль Мусиала есепті еселесе, 90+2 минутта Вирцтың соққан голын төреші оффсайд деп есепке алмады.
Осылайша, Германия ширек финалда Испания – Грузия матчының жеңімпазымен кездеседі.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV