Еуропа чемпионатына қосымша тағы екі жолдама үшін төрт команда таласпақ
Футболдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеуі аясында Словенияны жеңе алмаса Ұлттар лигасының жартылай финалында жолдама үшін тағы бір мүмкіндігін пайдалана алады.
20 қарашада Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Словениямен шешуші ойын өткізетіні белгілі. Екеуінің қай жеңгені келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады.
«Әзірге қосымша екі жолдамаға таласатын үш команда белгілі, олар: Грузия, Грекия және Люксембург. Ал, соңғы төртінші команда Словения – Қазақстан матчынан кейін белгілі болады. Егер Қазақстан жеңсе онда Әзірбайжан қосымша жолдамаға үміткер бола алады. Ал, Словения жеңіп кетсе Қазақстан Грекиямен, Грузия Луксембургпен ойнайды», - деп жазды Sports.ru.
Айта кетейік, Қазақстан өнер көрсеткен «H» тобында Дания бірінші орынмен топтан шықты. Екінші орынға талас Словения мен Қазақстан арасында өтеді.