«Нүктені біз қоямыз»: Магомед Адиев Словениямен ойын алдында шәкірттерін жігерлендірді (ВИДЕО)

18.11.2023, 19:15

Аталған матч 20 қарашада Любляна қаласында өтеді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Мариномен болған матчтан кейін өз шәкірттеріне ақыл-кеңесін айттып, соңғы шешуші ойынға қатысты нұсқауын берді.

Маманның мәлімдемесі жазылған видеоролик Қазақстан футбол федерациясының YouTube-каналында жарияланды.

Еске салайық, 17 қарашада Еуропа чемпионатының іріктеуі ойындары аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары кездесіп, 3:1 есебімен жерлестеріміз жеңіске жеткен болатын. Ал, басты қарсылас саналған Дания мен Словения арасындағы матч дат командасының жеңісімен аяқталып, Қазақстанның топтан шығуына мүмкіндік пайда болды. Енді Адиев шәкірттері сырт алаңда Словенияны ұтса тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатында доп тебеді.

«Кім не айтса да біз бүгін жеңіске жеттік, маңызды үш ұпайды еншіледік.  Көш басындағы қос командаға айтарлықтай қысым көрсетіп келеміз. Ешкімге сыйлық жасамадық, ұпай таратқанымыз жоқ. Біз өйткені, өз жолымызбен келе жатырмыз. Біз Словенияда барымызды саламыз, бұл ойындағы нүктені біз қоямыз. Бәрі өз қолымызда, бізде жеңіске жету үшін бәрі бар. Бүгін соған көзім жетті. Ауыр болғанын білемін. Үлкен жарысқа қатысу ешқашан оңай болмайды. 2:1 есебімен жеңіске жетсек те керемет болушы еді, бірақ қалайша Абатқа гол соқпа деп айтасың?!» - деп сөзін түйді Магомед Адиев.

Еске салайық, Словения – Қазақстан арасындағы шешуші матч 20 қарашада Любляна қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?