Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

EURO-2024: Автоголдың арқасында Франция ширек финалға шықты

01.07.2024, 23:50

Енді Дешам шәкірттері Португалия мен Словения арасындағы кездесу жеңімпазымен ширек финалда кездеседі

EURO-2024: Автоголдың арқасында Франция ширек финалға шықты
Getty Images

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Франция Бельгияны 1:0 есбімен жеңді.

Осылайша Дидье Дешам шәкірттері ширек финалға шығып отыр. Аталған матчтың 85-минутына дейін есеп ашылмаған. Тек кездесудің соңғы жағында Франция белсеніп, дегендеріне жетті. Атап айтқанда, Кола Муанидің тепкен добы бельгиялық қорғаушы Ян Вертонгенге тиіп, қақпаға дарыды. Бұдан кейін есеп өзгермеді.

Жалпы, Еуропа чемпионаты басталғалы бері Франция 4 ойында 3 гол салып, ширек финалға шықты. Ол 3 голдың екеуі автогол біреуі пенальтиден соғылды.

Енді Дешам шәкірттері Португалия мен Словения арасындағы кездесу жеңімпазымен ширек финалда кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам