Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Өзбекстан Олимпиадаға Франция мен Италияда ойнайтын жұлдыздарын жинап баратын болды

04.07.2024, 12:07

Бас бапкер Тимур Кападзе топтан шығуға тырысатын ойыншылар тізімін жариялады

Өзбекстан Олимпиадаға Франция мен Италияда ойнайтын жұлдыздарын жинап баратын болды
repost.uz

Футболдан Өзбекстанның олимпиадалық құрамасы Париж қатысатын кеңейтілген құраммен аттанады.

Бас бапкер Тимур Кападзе топтан шығуға тырысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрамаға шақырылған ойыншылар арасында Италияда доп тебетін Эльдор Шомуродов, Франция чемпионатында өнер көрсететін Абдукодир Хусанов және Алматының «Қайрат» клубының қорғаушысы Иброхимхалил Юлдашев бар. 

Қақпашылар:Абдувохид Нематов, Владимир Назаров, Хамидулло Абдунабиев;

Қорғаушылар: Абдукодир Хусанов, Асадбек Рахимжонов, Мухаммадкодир Хамралиев, Хусниддин Аликулов, Саидазамат Мирсаидов, Зафармурод Абдирахматов, Иброхимхалил Юлдашев, Алибек Давронов;

Жартылай қорғаушылар:Абдурауф Буриев, Бехруз Аскаров, Жасур Жалолиддинов, Иброхим Ибрагимов, Умарали Рахмоналиев, Диёр Холматов;

Шабуылшылар: Руслан Жиянов, Алишер Одилов, Остон Урунов, Аббосбек Файзуллаев, Эльдор Шомуродов, Хусаин Норчаев.
Өзбекстан С тобында Испания, Мысыр, Доминикан Республикасымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам