Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Роналду айықпас дертке шалдыққан баланың арманын орындады

04.07.2024, 12:11

4 жасар Авар мен оның отбасы Вецларда (Германия) тұрады

Роналду айықпас дертке шалдыққан баланың арманын орындады
© Euro 2024, Jürgen Eißmann

Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы Словенияны жеңген соң Криштиану Роналду айықпас дертке шалдыққан кішкентай баламен және оның әкесімен кездесті.

4 жасар Авар мен оның отбасы 2023 жылғы қазан айынан бері Вецларда (Германия) тұрады. Олар кішкентай бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу ниетімен Сириядан Германияға қашып келген. Өкінішке қарай, баланың ағзасындағы қатерлі ісік тым үлкейіп кеткен екен.

Авар футболды ерекше жақсы көреді және өзінің ең сүйікті футболшысы Криштиану Роналдумен кездесуді армандаған. 39 жастағы португалиялық аяқдоп шебері матчтан кейін кішкентай жанкүйерімен кездесіп, бірге суретке түсіп, тіпті жейдесі мен бас киіміне қол қойып берді. 

«Ұлыма көмектесіп, оны ерекше қуанттыңыз. Отбасыңызда бәрі жақсы болуына тілектеспін. Командаңыздың әрбір мүшесіне табыс тілеймін! Рахмет», - деді Авардың әкесі Роналдуға.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам