Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Роналду Еуропа чемпионатынан шеттетілуі мүмкін

05.07.2024, 15:52

Фитнес-компания Роналдудың жүрек соғысы туралы мәліметтер жариялаған

Роналду Еуропа чемпионатынан шеттетілуі мүмкін
РИА новости

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Еуро-2024-дан шеттетілуі мүмкін.

The Sun мәліметінше, португалиялық Whoop компаниясымен серіктестігі үшін Еуропа біріншілігінің матчтарынан шеттетілді. Себебі аталған фитнес-компания Словениямен матч алдында Роналдудың жүрек соғысы туралы мәліметтер жариялаған.

Яғни фирма өздерінің девайстарының Еуро-2024-пен заңсыз байланысы болғанын көрсеткен. Криштиануға қатысты қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізде болса, 2012 жылғы Еуропа чемпионатында «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Никлас Бендтнер де осыған ұқсас әрекеті үшін жазаланған.

Дания құрамасының футболшысы голын тойлау кезінде Paddy Power брендінің іш киімін көрсетті. Сол үшін ол бір матчқа шеттетіліп, 80 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам