Ақтөбеде стадион салынады деген жаңалық Шымкенттен қарағанда бірінші шықты
Instagram желісінде goalkz_official парақшасы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа сауал жолдады. Парақша админі қалада салынатын стадионның құрылысы әлі күнге басталмағанына наразылығын білдірген. Шымкентте стадион салу туралы бастама Ақтөбеден кейін көтерілген. Алайда, оңтүстіктегі стадионның іргетасы қаланып қойғаны белгілі. Ал Ақтөбе әлі қимылдар емес.
«Наурыз айында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров стадион салатын 5-6 инвестор бар деген. Жалпы Ақтөбеде стадион салынады деген жаңалық Шымкенттен қарағанда бірінші шықты. Іс жүзінде Шымкентте стадионның құрылысына кірісіп кетсе, Ақтөбе әлі үнсіз отыр. Шахаров мырза, миллиардттарды команданың қымбат легионерлеріне құя бермей, заманауи стадион салатын уақыт болды ғой. Клуб топтық кезеңге шығатын мақсат қойып отыр екен, сол топтық кезеңнің ойындарын Қобыланды стадионы қабылдай алмайды деген ақпаратты білемекен? Топтық кезең кімге керек, егер қала тұрғындары бұл турнирді өз көзімен көрмесе?! Тым болмаса стадионның құжаттары дайындалып жатыр ма екен?», - деп жазды парақша авторы.
Осылайша автор футболсүйер жанкүйерлер көп шоғырланған шаһардың әкімі Шахаровтан жауап беруді сұрап отыр.
1bol.kz тілшісі Ақтөбе облысының әкімдігіне хабарласып, мән-жайды анықтады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы стадионның эскизі дайын екенін мәлімдеді.
Бүгінгі таңда жаңа стадионның эскизі мен фор-эскизі әзірленді. Келесі аптада (09-12.07.2024) барлық тиісті құжат Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберіледі. Әрі қарай, тамыз айында конкурс жарияланады, оның қорытындысы бойынша жаңа стадион салумен айналысатын компания анықталады, - дейді әкімдіктегілер.