Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Англия Швейцарияны пенальти сериясында жеңіп, EURO-ның жартылай финалына шықты

06.07.2024, 23:57

Бұған дейін Испания мен Фрация құрамасы жартылай финалға шыққан болатын

Англия Швейцарияны пенальти сериясында жеңіп, EURO-ның жартылай финалына шықты
ALEX LIVESEY/GETTY IMAGES

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездескен Англия құрамасы жартылай финалға шыққан үшінші команда атанды.

Тұманды Альбион ойыншылары маңызды ойынның негізгі уақытын тең есеппен аяқтап, жеңімпазды пенальти сериясында анықтады.

Алғашқы таймда екі жақ та үздіксіз шабуылдағанымен нәтиже өзгермеді. Тек төреші 32 минутта өрескел ойыны үшін швейцариялық Фабиан Шерге сары қағаз көрсетті.

Ал екінші таймда қос құрама да бір-бір голдан соға білді. Ойынның 75-ші минутында Швейрация шабуылшысы Бреел Эмболо Англия қақпасынан саңылау тапты. Алайда, Швейцария құрамасы бұл басымдықты тек бес минут қана ұстап тұра алды. 80-минутта шабуылшы Букайо Сака Деклан Райс берген пасты Швейцария қақпасына дәл тебе білді. Ойын соңында төреші 3 минут қосқанымен нәтиже 1:1 есебімен қалды.

Экстра-таймда да ойыншылардың алмасқанын өзге өзгеріс орын алмады.

Пенальти сериясында ағылшындар алғашқы соққысынан бастап алға шықса, швейцариялық Мануэль Аканжи тепкен допты Англия қақпашысы Джордан Пикфорд дәл қайтарды. Қалған соққылардың бәрі қақпаға дарыды. Осылайша пенальти сериясында есеп 5:3 есебімен ағылшындардың пайдасына шешілді.

Енді Англия құрамасы Нидерланд пен Түркия жұбының жеңімпазымен финал жолдамасын сарапқа салады. Бұған дейін Испания мен Фрация құрамасы жартылай финалға шыққан болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам