Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Ордабасы» Молдованың 12 мың адам тұратын қаласының командасына гол соға алмай ұятқа қалды

10.07.2024, 23:10

Бұл клуб Молдованың суперлигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп жүр

«Ордабасы» Молдованың 12 мың адам тұратын қаласының командасына гол соға алмай ұятқа қалды
sports.kz

УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы маусымының іріктеу кезеңі басталды. Қазақстанның намысын былтырғы ел чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» командасы қорғап жатыр.

Александр Седнев шәкірттерінің алғашқы қарсыласы – Молдованың «Петрокуб» командасымен кездескен. Бұл клуб Молдованың суперлигасында 2015 жылдан бері ғана өнер көрсетіп жүр. Соңғы жылдары жүлдеге іліге бастаған. Ал былтыр «Ордабасы» секілді олар да алғаш рет өз елінің чемпионы атанды. Бір қызығы, «Петрокуб» намысын қорғайтын Хынчешты  қаласында бар-жоғы 12 мың ғана адам тұр. Ал салыстырмалы түрде Шымкентте 1 миллион халық бар.

Матч 0:0 есебімен аяқталды. «Ордабасы» шабуылшылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Енді қарымта ойын 17 шілдеде Молдовада өтеді.

«Ордабасы» – «Петрокуб» (Молдова) – 0:0

«Ордабасы»: Сергей Игнатович (Қ), Гафуржан Сүйімбаев (Златан Шехович, 83), Темірлан Ерланов (Сағадат Тұрсынбай, 18), Сергей Малый, Игорь Пластун, Сұлтанбек Астанов, Асхат Тағыберген (Еркебұлан Тұңғышбаев, 83), Евгений Макаренко, Бауыржан Исламхан (Айбол Әбікен, 66) – Артем Беседин (Дембо Дарбо, 66), Жасур Яхшибоев;

«Петрокуб»: Сильвиу Шмаленя (Қ), Думитру Демиан (Василий Жардан 64), Сергей Плэтикэ, Виктор Мудрак, Ион Борш, Ион Жардан, Дан Пушкаш (Марин Кэрунту, 75), Дональо Дуанла, Теодор Лунгу, Владимир Амброс (Михаил Плэтикэ, 64), Михай Лупан (Мариус Йосипой, 81);

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам