“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Еуропа чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайтын болды

11.07.2024, 02:36

Ағылшындарға жартылай финалда тағы да сәттілік серік болды

Еуропа чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайтын болды
ALEX LIVESEY/GETTY IMAGES

Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталып, ақтық сынға шыққан қос құрама да анықталды. Бұған дейін Испания Францияны 2:1 есебімен жеңсе, бүгін Англия мен Нидерланд арасындағы кездесу де дәл осындай есеппен ағылшындардың пайдасына аяқталды. 

Матчтың бірінші таймы іш пыстырарлық болды деп айта алмаймыз. Ойын бастала салып қос құрама да ашық шабуылға көшті. 7-минутта Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Хави Симонстың алыстан шірене тепкен добын қақпашы қайтара алмады. Ал, 18-минутта Англия шабуылшысы Харри Кейн пенальтиден есепті теңестірді. 11 метрлік айып добын белгілеуге Дензел Думфристің ереже бұзуы себеп болған еді.

Екінші таймда да командалар өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті, 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда, төреші араға уақыт салып бұл голды есепке алмады. Өйткені, Кайл Уолкер офсайдта қалып кеткен екен.

Десе де, 90-минутта Англия ойыншысы Олли Уоткинс Нидерланд қорғаушыларын алдап айып алаңына кірді де, допты қақпада тулатты.

Енді 14 шілдеде өтетін финалда Испания мен Англия құрамалары Еуропаның жаңа чемпионын анықтайды. Ағылшындар бұған дейін құрлық чемпионатын жеңіп көрмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам