Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейдегі «Матч ТВ» арнасының қызметкерін өзбекстандықтар зорлап кеткен

11.07.2024, 11:01

Бойжеткенге үш ер адам тап берген

Ресейдегі «Матч ТВ» арнасының қызметкерін өзбекстандықтар зорлап кеткен
© Денис Гладков / Матч ТВ

5 шілдеден 6-сына ауған түні Ресейдің «Матч ТВ» телеарнасының қызметкерін зорлап кеткен.

Оқиғаның мән-жайынан хабардар адамдардың айтуынша, бойжеткенге үш ер адам тап беріп, зорлық-зомбылық көрсеткен. Сонан соң өздері қашып кеткен. 

Құқық қорғау органдары шұғыл әрекет етіп, хабарлама келіп түскен соң арада бір сағат өткенде күдіктілердің бірін, 24 жастағы жігітті ұстаған. Көп ұзамай 22 және 25 жастағы жігіттер де қолға түсті.

Оқиғаға байланысты қылмыстық із қозғалған. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында.

«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігі «а» тармағында көзделген қылмыс жасады деп айыпталған Б. С. Абдурашидовке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы алдын ала тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», – делінген Останкино сотының қаулысында.

Ер адам екі ай, яғни 6 қыркүйекке дейін УҰИ-да отырады. Осы бап бойынша тағы бір күдікті Ортикбоев М.Р және үшінші күдікті де екі айға қамалған. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам