Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Еуро-2024: нидерландтық азаматтар ұлыбританиялық жанкүйерлерді соққыға жыққан

11.07.2024, 10:43

Англия мен Нидерланд арасындағы кездесу ағылшындардың пайдасына аяқталған еді

Еуро-2024: нидерландтық азаматтар ұлыбританиялық жанкүйерлерді соққыға жыққан
Видеодан кадр

Дортмундтағы бірнеше барларда болған қақтығыс кезінде нидерландтық жанкүйерлер бес ағылшын жанкүйерін жарақаттады. Оқиға Еуропа чемпионатының жартылай финалы алдында болған.

Daily Mail хабарлағандай, бірқатар шабуылдар кезінде ағылшын құрамасының бес жанкүйері зардап шекті. Еуро-2024 жартылай финалын тамашалауға Нидерландыдан 80 мыңға жуық жанкүйер барған. Ұлыбритания жанкүйерлерімен қақтығыс туындағанда нидерландтықтар орындық пен бөтелке лақтырған. Бар иелері өздерінің мүлкін барынша қорғауға тырысқанымен, полиция шақыруға мәжбүр болған. Осылайша тәртіп бұзған Нидерланд азаматтары қамауға алынды.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, төбелес голландиялық жанкүйерлер британдықтардың туын ұрламақ болған соң басталған.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталып, ақтық сынға шыққан қос құрама да анықталды. Бұған дейін Испания Францияны 2:1 есебімен жеңсе, бүгін Англия мен Нидерланд арасындағы кездесу де дәл осындай есеппен ағылшындардың пайдасына аяқталды. 

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам