Футболшыға Францияның ПСЖ клубы қызығушылық танытқан
Испанияның «Барселона» клубы талантты футболшы Ламин Ямальді рекордтық 250 миллион еуроға сатудан бас тартты.
EFE мәліметінше, каталон клубы Еуропа чемпионатының алдында 16 жастағы аяқдоп шеберінің трансферін қарастырудан бас тартқан. Команда Ямальді өз жобаларының тіреуіші деп санайды.
Алдын ала болжам бойынша, жас испаниялық футболшыға жақында ғана Килиан Мбаппемен қош айтысқан Францияның ПСЖ клубы қызығушылық танытқан.
Ламиннің «Барселона» клубымен келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген және әрі қарай тағы екі жылға созуға болады. Бірақ соңғы функция ол кәмелет жасына толғанда ғана қолжетімді.
Ямаль 13 шілде күні 17 жасқа толады. Жас вингер туған күнін Германияда Еуропа чемпионатының кубогымен атап өтуді көздейді.
Айта кетейік, Ламин Еуропа біріншіліктерінде гол соққан ең жас футболшы атанды.