Ойын соңы төбелеспен аяқталған
Гояс (Бразилия) штатының екінші дивизионындағы «Гремио Анаполис» пен «Сентро-Оэсте» арасындағы матч соңы төбелеспен аяқталды. Оқиға салдарынан қақпашы Рамон Соузаның аяғына оқ тиді.
«Гремио» өз алаңында «Сентро-Оэстемен» өткен кездесуде 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойыннан кейін алаң иелері төрешіге сұрақтар қойып, оның соңы қанды төбелеске ұласты.
«Матчтың соңында шиеленіс болды, «Гремио» ойыншылары төрешіге шабуыл жасады, сонымен қатар қарсылас команда мүшелерімен төбелес болды, содан кейін полиция жағдайды тыныштандыру мақсатында қақпашыға оқ атқан. «Гремио» қақпашысы Рамон Соузаның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, бұл жағдай ол үшін ауыр тәжірибе болғаны анық», - деп жазылған koha.net ақпаратында.
Бразилия құрамасы өз қақпашысын жарақаттаған полицейді сотқа беретінін мәлім етті.