Бапкерлер штабы мен ойыншыларды жарты жыл бойы жалақы алмаған
Оралдың «Ақжайық» клубының футболшылары жалақы берешегін төлеуді талап етіп, Ақтөбедегі ойынға барудан бас тартты.
Бірнеше айдан бері жалақысын алмаған спортшылар қаржы мәселесі шешілсе деген үмітпен әкімдікке наразылықтарын білдірді. Жергілікті «Мой город» басылымының жазуынша, команданың жағдайы қиын. Қазір бірінші лигада соңғы орындарда келе жатыр.
Биыл төтенше жағдайға байланысты клубқа бір теңге де бөлінбей, бапкерлер штабы мен ойыншыларды жарты жыл бойы жалақысыз қалдырды. Клуб президенті Гүлдария Қауиева футболшылардың ұзақ уақыт ақша тапшылығына шыдап, ойынын жалғастырғанымен, қазір шыдамдары таусылғанын атап өтті. Футболшылар 11 шілдеде облыс әкімдігіне келіп, аймақ басшысымен кездесіп, өз наразылықтарын білдірген.
«Бюджет мәселесі күні бүгінге дейін шешілген жоқ. Бізге қайталама мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланады деп уәде берді. Процесс екі айға созылады. Алайда клуб қызметкерлері мен футболшылары күте алмайды. Барлық мемлекеттік органдарды араладық, алайда мәселе шешілер емес. Бүгін әкім Нариман Төреғалиевтің сөзін тыңдағымыз келеді», - дейді Кауиева.
Оның айтуынша, футболшылар «Ақтөбе Жаспен» болатын ойыннан ғана емес, одан кейінгі матчтардың барлығынан бас тартқан. Клуб өз қызметкерлері мен ойыншыларына жалақы, сондай-ақ қонақ үй шығындары, тамақтану, жол жүру және салықтар үшін қарыз. Клубтың жалпы қарызы 400 миллион теңгені құрайды.