Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Биылға дым жоқ»: Қазақстан командалары еурокубокта бірінен соң бірі жеңіліп жатыр

12.07.2024, 00:37

Бір аптадан кейін қарымта ойындар өтеді

«Биылға дым жоқ»: Қазақстан командалары еурокубокта бірінен соң бірі жеңіліп жатыр
Тобыл ФК

Қостанайдың «Тобылы» футболдан Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Ружемберок» клубына қонаққа барып, ойсырай жеңіліп қалды.

Матчта жерлестеріміз есеп ашқанымен, одан кейін шашылып қалды. «Тобыл» сапынан Иванович пен Энен мергендік танытты. Ал словакиялық команда қазақстандық команда қақпасына 5 доп кіргізді. Қорытынды есеп – 5:2.

Енді қарымта ойын бір аптадан кейін Қостанайда өтеді.

Жалпы, биылғы еуромаусым отандық клубтар үшін аса сәтті басталды деуге келмейді. Алғашқы ойында үш командамыз да жеңіске жете алмады: «Ордабасы» өз алаңында Молдованың «Петрокубін» жеңе алмаса (0:0), «Ақтөбе» «Сараево» клубына 0:1 есебімен жол берді. «Тобылдың» жайын жоғарыда айттық.

Дегенмен, алда қарымта кездесулер бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам