Біздің ұлттық құрама аталған ойында жеңіліп қалды
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Рамазан Оразов Словениямен өткен матчтың үздік ойыншысын атанып отыр.
Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында топтық кезеңдегі соңғы ойында ұлттық құрама 2:1 есебімен Словениядан жеңілген еді.
Аталған кездесудің алғашқы таймында алаң иелері пенальтиден гол соқса, екінші тайм басталған тұста Рамазан Оразов есепті теңестірген болатын.
Осы ойыннан кейін мачтың үздік ойыншысы мәртебесі Рамазан Оразовқа беріліп отыр. Ол бүгінде Словенияның «Копер» клубында ойнайды.
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін тағы бір ойын өткізеді. Аталған матч келер жылдың наурыз айында Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасына қарсы өтетін болады.