Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ресейлік футболшы қыздар Солтүстік Кореядан ойсырай жеңілді

13.07.2024, 01:26

КХДР – футболдан әлемде үздіктердің бірі

Ресейлік футболшы қыздар Солтүстік Кореядан ойсырай жеңілді
РФС

Футболдан Ресей әйелдер құрамасы Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізіп, ойсырай жеңілді.

Матч Мәскеудегі «Москвич» стадионында өтті. Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) құрамасы Ресей құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соғып, ойын сәйкесінше 3:0 есебімен аяқталды. 

Гол соққандар қатарында Сон Ок Хон (30‑минутта), Зин Хон Хан (34), Су Рим Ким (85) бар.

Енді 15 шілдеде екі құрама қайта жолығады.

Солтүстік Кореяның әйелдер құрамасы – футболдан әлемде үздіктердің бірі саналады. Олар ФИФА рейтингінде 10-орында тұр. Азияның үш дүркін чемпионы. Сонымен қатар, жазғы Азия ойындарының да үш дүркін чемпионы.

Бұған дейін 19 маусымда Пхеньянда екі ел президенттері Владимир Путин мен Ким Чен Ын кездескен. Ресейдің Украинаға соғысынан кейін екі елдің арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастады.

Айта кету керек, Ресей әскері Украина жеріне басып кіріп, соғыс жүргізгелі бері ФИФА мен УЕФА Ресей құрамасын барлық жарыстардан шеттетті. Тіпті, аталған ұйымдарға мүше елдер орыстармен жолдастық кездесу өткізуге де құлық танытпай келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам