Қыздың жеке парақшасында тұрмыста екені көрсетілген
Әлемдік футболдың жаңа жұлдызы испаниялық Ламин Ямаль өзінің сүйіктісін көрсетті.
Иә, 17 жастағы су жаңа Еуропа чемпионының сүйіктісінің есімі – Алекс Падилья. Әлеуметтік желідегі парақшаларда оның студент екені және Барселонада оқитыны жазылуда.
Соңғы сыбыстар бойынша, Падилья Еуропа чемпионатының матчтарын Ламиннің отбасымен бірге көріп жүрген.
Бір қызығы, қыздың жеке парақшасында тұрмыста екені көрсетілген. Соған қарағанда, футболшы мен бойжеткеннің қарым-қатынасын уақытша махаббат деуге келмейтін секілді.
Ал Ламиннің өзі Еуропа чемпионатына қатысу арқылы бірқатар рекордты жаңартты. 13 шілде күні 17 жасқа толған ол финалда өнер көрсеткен ең жас ойыншы атанды.
Бұған дейінгі рекорд португалиялық Ренат Санчешке тиесілі болған. Ол 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің финалында 18 жас 328 күнде алаңға шықты.