Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Орыс тілді ортада жұмыс істеу үшін келдім». Черчесов Қазақстанды таңдауының себебін айтты

15.07.2024, 10:20

Ол нәтиже шығару үшін бар күшін салатынын атап өтті

«Орыс тілді ортада жұмыс істеу үшін келдім». Черчесов Қазақстанды таңдауының себебін айтты
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов неліктен Ресейде жұмыс істемейтінін түсіндірді.

Қазақстандық ұжымның бас бапкерінен: «Көпшілікті Ресей Черчесовті Қазақстанға қалай жіберіп жүр деген сауал мазалайды. Бұған сіз қалай жауап бересіз?» деп сұраған.

«Басыбайлық құқық 1981 жылы тоқтатылды емес пе? Бұған дейін айтқанымдай, мен орыс тілді ортада жұмыс істегім келеді. Көңілімнен шыққан ұсынысты қабылдауымның себебі де осында. Ресейде барлық клубта бапкерлер бар, өз орындарында жұмыс істеп жатыр. Әдеттегідей нәтижеге жұмыс істеуге күшімді саламын», - деді ол «Спорт день за днем» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бас бапкер тілге қатысты даудан кейін, қазақ тілін үйрену курстарына баруды бастағанын айтқан. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Черчесовке қазақ тілін білу шарт емес екенін мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам