![Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы Англияны ұтып, сенсация жасады](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/11/22/655e478bcca4d611676208.webp)
Ширек финалда өзбек футболшылары Франциямен немесе Сенегалмен кездеседі
Индонезияда өтіп жатқан футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 1/8 финалда Англияны жеңіп, айды аспаннан бір-ақ шығарды.
Ойынның небәрі төртінші минутында Амирбек Саидов ағылшындар қақпасына гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда, 35-минутта Джоэл Ндала тура соққысымен көзге түсіп, есепті теңестірген. Ал, екінші таймның орта тұсында Лазизбек Мирзаев жеңіс голын соғып, Өзбекстанды ширек финалға шығарды.
1/4 финалда өзбек футболшылары Франция – Сенегал матчының жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ, ширек финалда Мали – Марокко, Бразилия – Аргентина, Испания – Германия кездесулері күтілуде.