Ол «Зенитті» чемпиондыққа жетелеу үшін барын салады
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» командасы тарапынан болған қызығушылыққа қатысты оның агенті түсініктеме берді.
Бұған дейін отандық БАҚ беттерінде Нұрәлі Әліптің«Манчестер Юнайтед» клубына ауысуы мүмкін екенін айтылған еді. Алайда, футболшының өкілі әзірге мұндай ұсыныстың болмағанын мәлімдеді.
«Бұл жөнінде агенттікке ешкім жүгінген жоқ. Қазіргі уақытта Нұрәлі «Зенитке» тиесілі ойыншы. Ол клубтың чемпион атануына күш салып жатыр», - деп пікір білдірді футболшының агенті Қазақпарат тілшісіне.
Қазіргі уақытта 23-жастағы Нұралы Әліптің трансферлік бағасы 2 миллион евроға бағаланған. Алайда оны түркиялық «Фенербахче» 3 млн еуроаға сатып алуды ұсынғанымен, ресейлік клуб бұл бағаға келіскен жоқ. Отандасымыздың «Зенитпен» келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.