Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Криштиану Роналду Еуро-2024-тегі ең нашар ойыншы атанды

16.07.2024, 12:41

Роналду - XXI ғасырда үш бірдей ірі турнирде пенальти тебе алмаған алғашқы ойыншы 

Криштиану Роналду Еуро-2024-тегі ең нашар ойыншы атанды
Getty Images

WhoScored порталы футболдан Еуропа чемпионатына қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалап, ең нашар ойыншыларды анықтады.

Рейтингтегі ең нашар көрсеткішті Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көрсетті. Португалия құрамасының көшбасшысы Словенияға қарсы болған ойында пенальтиден гол соға алмай, XXI ғасырдың антирекордын орнатқан. Сондай-ақ сүреңсіз ойын көрсеткен ойыншылардың ондығына француз шабуылшысы Киллиан Мбаппе, тіпті Еуропа чемпионы испандық Ламин Ямаль да кірді.

Еуро-2024 ойындарының орындалу көрсеткіші бойынша ең нашар 10 ойыншысы төмендегідей:

1. Криштиану Роналду (-3,5 xG);
2. Кай Хаверц (-3,1);
3. Ромелу Лукаку (-2,3);
4. Килиан Мбаппе (-2,0);
5. Мемфис Депай (-2,0);
6. Александр Митрович (-1,8)
7. Антуан Гризманн (-1,7)
8. Ламин Ямаль (-1,5).
9. Расмус Хойлунд (-1,5)
10. Анте Будимир (-1,4).

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам