Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Еурода сүреңсіз ойынымен хейттің астында қалған Англия бапкері қызметінен кетті

16.07.2024, 15:16

Гарет Саутгейт Англия құрамасының тізгінін 2016 жылы ұстаған

Еурода сүреңсіз ойынымен хейттің астында қалған Англия бапкері қызметінен кетті
AFP

Англия футбол қауымдастығы (FA) елдің ұлттық құрамасын баптайтын Гарет Саутгейт өз қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын жариялады.

«102 ойыннан және сегіз жылдық жұмысынан соң Гарет Саутгейт бас бапкерліктен кететінін мәлімдеді», — делінген ұйымның X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілде күні 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы өтіп, Англия мен Испания құрамалары жеңімпаз атағына таласты. Берлиндегі «Олимпиаштадион» стадионында өткен ойында Испания 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Испания өз тарихында төртінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізсе, Англия қатарынан екінші рет Еуроның финалында ұтылды.

Гарет Саутгейт Англия құрамасының тізгінін 2016 жылы ұстаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам