Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Мбаппенің ресми таныстыруында кумирі Роналдудың суреті көрсетілді

16.07.2024, 17:23

Футболшы тарихи клубтың абыройын асқақтатуға уәде берді

Мбаппенің ресми таныстыруында кумирі Роналдудың суреті көрсетілді
championat.com

Францияның жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубының ойыншысы атанды. 16 шілде күні футболшыны ресми таныстыру рәсімі өтті.

Мбаппе өзін көруге келген 80 мың адамның алдында бала күнгі арманы орындалғанын айтып, көз жасына ерік берді. Сөйтіп мадридтік клубтың жейдесін сүйді.

«Арманым орындалды. Бала кезімде әр түн сайын «Реал» жайлы армандап көз ілетінмін, бүгін сол арманым шындыққа ұласты. Анам қуаныштан көз жасына ерік берді... Дәл қазір менен асқан бақытты жан жоқ шығар, сірә? Сенім білдірген Флорентино Переске алғыс айтқым келеді»,– деді «Реалдың» су жаңа ойыншысы.

Бір қызығы, таныстыру рәсімінде "Реалдың" бұрынғы ойыншысы португалиялық Криштиану Роналдуға қатысты қызықты жайт болды. Стадионда Мбаппе өзінің кумирі санайтын Роналдудың суреті көрсетілген сәтте, алаңдағылар шулап қоя берді.

«Реал» 25 жастағы Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа отырған. Шабуылшы «корольдік» клуб сапына еркін агент ретінде ауысты. Бұған дейін ойнаған ПСЖ сапында ол бес рет Франция чемпионы, үш дүркін Кубок және Суперкубок иесі атанған. Одан қалды екі рет Лига кубогында топ жарды.

Ал Франция құрамасымен 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, 2022 жылғы Катарда күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2021 жылы Ұлттар лигасында чемпиондық атақты еншіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам