Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Магомед Адиев орнын басқан Станислав Черчесовке кеңес берді

17.07.2024, 14:48

Қос бапкер ұлттық құрамаға қатысты маңызды тақырыптарды талқылаған

Магомед Адиев орнын басқан Станислав Черчесовке кеңес берді
instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесовтің Мәскеуде Магомед Адиевпен кездескені мәлім болды. Қазіргі бапкер мен команданың экс-жаттықтырушысы ұлттық құрамаға қатысты маңызды тақырыптарды қозғаған.

"Кездесуде әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Оның ішінде өткен Еуропа-2024 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың ойынын талдап, құрамадағы болашағы жайлы кеңесті. Станислав Черчесов команда құрамын жасақтауда әрбір ойыншы жайлы жан-жақты ақпарат жинаудың маңызын атап өтті", - деп жазылған Футбол федерациясы таратқан мәліметте.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік құраммен халықаралық аренада лайықты ойнайтынына сенім білдіріп, жаңа іріктеу кезеңіне сәттілік тілеген.

2024 жылдың басына дейін футболдан Қазақстан құрамасын жаттықтырған Магомед Адиев қазіргі уақытта Шешенстанның "Ахмад" клубын жаттықтырады. Оның жетекшілігімен ел футболшылары Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде көпшілік көңілінен шыққан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам