Шымкенттік команда қос ойында бірде-бір гол соға алған жоқ
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде молдовалық «Петрокубтан» өте алмаған шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев жеңілістің себебін түсіндірді.
Айта кетейік, бір апта бұрын Шымкентте өткен матчта 0:0 есебі тіркелсе, сырт алаңда Седнев шәкірттері 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
«Шабуылда ойын жүрмей қойды. Бірақ, футболшылар алаңда барын салды. Бірақ, кешегідей қателер жіберіп, сәттілікке сенім артуға да болмайды, қарсылас жазалайтыны анық. Оның үстіне, командалардың деңгейі де шамалас. Бізде бірінші таймда гол соғатын мүмкіндік болды. Ойынды тәуір бастадық.
Екінші таймда тәуекелге көп бардық, ойынды құтқару керек болды. Өкінішке қарай, бұл жоспар да жүзеге аспады. Футболшыларға кінә артпайм. Олар ойынды құтқару үшін соңына дейін күресті. Бірақ, бұл күрес аз болды», - деді Седнев.
«Ордабасы» енді Конференция лигасында бағын сынап көреді. Қарсыласы – Люксембургтің «Дифферданж» командасы. Матч 25 шілдеде және 1 тамызда өтеді.