Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ауылдың командасынан жеңілген «Ордабасының» бас бапкері Седнев 18 мың еуро жалақы алады

18.07.2024, 14:50

Төрт жылда клубта 138 адам жұмыс істеген

Ауылдың командасынан жеңілген «Ордабасының» бас бапкері Седнев 18 мың еуро жалақы алады
©ФК "Ордабасы"

Қазақстан чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» клубы кеше молдовалық «Петрокубтан» ұятты жағдайда ұтылды.

Қарсылас команда негізінен жергілікті ойыншыларға сенім артады. Оның үстіне ауыл командасы. Ал «Ордабасы» футболшылары мен бапкеріне миллиондаған жалақы төлейтін болып шықты. Клубтың футболшылары мен бапкерлері 2019-2023 жылдар аралығында қанша табыс тапқаны анықталды.

Әкімшілік-басқару қызметкерлерін есептемегенде, төрт жылда клубта 138 адам жұмыс істеген - 98 қазақстандық және 40 шетелдік. Осы уақыт аралығында олар барлығы 11,7 миллиард теңге алған. Шетелдік алты бапкер жергілікті 46 әріптесіне қарағанда әлдеқайда көбірек табыс тапқан. Шетелдік мамандар 1,27 миллиард теңге алса, отандық бапкерлер 737 миллион теңге алған. 

Шымкенттіктердің бұрынғы бапкері Кахабер Цхададзе екі жарым жылда қалтасын 449 500 еуроға қомпайтқан. Грузиннің айлығы 29 400 еуроны құраған.

«Ордабасының» қазіргі бапкері Александр Седнев шамамен 18 500 еуро алады. Бүгінге дейін белорус маманы 584 500 еуро алған.

Футболшыларға келсек, 34 легионерге – 4,13 миллиард теңге, 52 қазақстандыққа 5,56 миллиард теңге берілген. 

2018 жылдан 2023 жылға дейін командада өнер көрсеткен сенегалдық хавбек Абдулай Диакате 481 миллион теңге табыс тапты. Бірінші келісімшартта шамамен 9 миллион теңге жалақы қарастырылған. Алайда 2021 жылы оның жалақысы 11,7 миллион теңгеге дейін өсті. Жартылай қорғаушы бонус ретінде тағы 28 миллион теңге алды.

Тағы бір шетелдік Жуан Паулудың да келісімшартында қомақты қаржы көрсетілген. Алматының «Қайратына» ауысқанға дейін ол «Ордабасында» айына шамамен 13 миллион теңге алатын.

2022 жылы футболшылардың ай сайынғы жалақысы 2 миллион теңге болатын еңбек шарттарын жасасу тәжірибесі енгізілді, ол түрлі өтемақы төлемдері арқылы жалақыны 12 есеге, яғни 287 миллион теңгеге дейін арттырады. 

Жаңа жүйе бойынша, тағы үш легионердің келісімшарттары мынадай еді:

Бразилиялық қорғаушы Мауро Джуниор айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 19,7 миллион теңге алды (бонустардың жалпы сомасы 97 миллион теңге). Көзделген қосымша ақылар: ҚПЛ чемпиондығы үшін - 25 миллион, Қазақстан Кубогындағы жеңісі үшін - 9 миллион теңге, Конференциялар лигасына қатысу құқығына ие болғаны үшін - 50,3 миллион теңге, аталған турнирдің келесі раундына өткені үшін - 5 миллион теңге.

Өзбек шабуылшысы Бобур Абдихоликов айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 14,6 миллион теңге (бонустардың жалпы сомасы 146,66 миллион теңге).

Украиналық форвард Артем Беседин – айына 2 миллион теңге және бонус ретінде 17,9 миллион теңге (бонустардың жалпы сомасы 287 миллион теңге). Қосымша төлемдер: ҚПЛ чемпионаты үшін – 12 миллион, Қазақстан Кубогындағы жеңісі үшін – 7,4 миллион теңге, УЕФА конференциялар лигасының 3-турына өткені үшін – 9,9 миллион теңге, КЛ плей-офф кезеңіне өткені үшін – 14,9 миллион теңге, КЛ топтық кезеңіне өткені үшін - 24,9 миллион, «гол+пас» жүйесі бойынша 10 ұпайға – 7,4 миллион теңге, 15 ұпайға – 9,9 миллион теңге, 20 ұпайға – 9,9 миллион теңге.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам