Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

UEFA Еуропа чемпионатындағы ең үздік ТОП-10 голды анықтады (ВИДЕО)

21.07.2024, 11:07

Бірінші орынды Түркия футболшысы иемденді

UEFA Еуропа чемпионатындағы ең үздік ТОП-10 голды анықтады (ВИДЕО)
Getty Images

Жуырда ғана аяқталған футболдан Еуропа чемпионатының ең үздік он голы анықталды. УЕФА өзінің ресми сайтында аталған голдардың видеосын жариялаған.

Ұйымның техникалық бақылаушылары алдымен үздік голдарды таңдап алып, көпшіліктің дауыс беруіне қойған екен. Нәтижесінде бірінші орынды Түркия ойыншысы Мерт Мюльдюрдің Грузия қақпасына соққан голы иеленді. Испандық ең жас ойыншы Ламин Ямальдың француздар қақпасына соққан голы екінші орын деп бағаланса, үздік үштікті тағы бір түрік футболшысы Арда Гюлер қорытындылады. Оның Грузияға алыстан соққан голын көрермендер жоғары бағалаған.

Еске салайық, 14 шілдеде аяқталған Еуропа чемпионатын Испания құрамасы жеңіп алған болатын. Финалда «қызыл фурия» Англиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам