Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Рамазан Оразов Дания чемпионатында дебютін өткізді

21.07.2024, 23:41

Оның командасы аталған матчта жеңіске жетті

Рамазан Оразов Дания чемпионатында дебютін өткізді
Силькеборг ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында негізгі құрамда алаңға шықты.

Бұл кездесу жаңа маусымның бірінші туры аясында «Сеннерйюск» клубына қарсы өтті. 

Рамазанды матчтың 59-минутында басқа ойыншы алмастырды. Ал «Силькеборг» 76-минутта гол соғып, жеңіске жетті – 1:0.

Естеріңізде болса, Дания кубогының иесі «Силькеборг» Оразовтың трансфері туралы 13 маусым күні жариялады. Бұл Рамазан өнер көрсетіп жатқан төртінші шетелдік клуб. Бұған дейін ол словениялық «Копер», ресейлік «Чайка» және латвиялық «Даугавпилс» клубтарының намысын қорғаған.

Оразов – Дания суперлигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық футболшы. Одан бөлек, Дания чемпионатының бірінші лигасындағы «Кеге» клубында 18 жастағы атыраулық қақпашы Дулат Талыспаев бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам