Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Еурокубокта қатырмаған «Ақтөбе» клубының бапкерлері қызметінен кетуі мүмкін

22.07.2024, 09:29

Клубтың қарызы маусымдық бюджеттен шамамен 1 млн долларға асып кеткен 

Еурокубокта қатырмаған «Ақтөбе» клубының бапкерлері қызметінен кетуі мүмкін
Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» клубының бапкерлер штабы толығымен жұмыстан кетуі мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Владимир Жарков өзінің телеграм-каналында жазды.

Еске салайық, Конференция лигасында өнер көрсеткен «Ақтөбе» іріктеу кезеңінің бірінші айналымынан аса алмады. Босниялық «Сараеводан» өз алаңында 0:1 есебімен жеңілсе, сыртта 2:1 есебімен жеңіп, овертайм мен пенальти сериясының нәтижесінде жеңіліп қалды.

Осы матчтан кейін ақтөбелік команданың бас бапкері Дмитрий Парфеновтың жұмысына сын айтқандар көбейді.

«Жақын күндері «Ақтөбе» клубының бапкерлер штабы жұмыстан кетуі мүмкін екенін естідік. Біздегі бар мәлімет бойынша, «Ақтөбеде» ойнайтын шетелдік футболшылардың агенттері тиесілі қаражатты төлемегені үшін ФИФА-ға шағым түсірген. Клуб кассасы, бір ай бұрын айтқанымдай, бос. Қарыз көлемі маусымдық бюджеттен шамамен 1 млн долларға асып кеткен.

Облыс әкімі шұғыл түрде демеушілер іздеп жатыр. Сондықтан алдағы аптада ҚПЛ көшбасшыларының бірін кадрлық өзгерістер күтіп тұрған тәрізді», - делінген Жарков таратқан мәліметте.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам