Басшылар футболды дамытуға аса көңіл бөлмейтінін айтады
34 жастағы сербиялық қорғаушы Стефан Живкович Қазақстанда бес жыл өмір сүрді. Осы уақыт аралығында ол «Ертіс», «Атырау», «Жетісу», «Тұран» және «Қызылжар» секілді бес клубта ойнап үлгерді. Қазір еркін агент атанған Живкович Қазақстан туралы естеліктерін айтып берді.
— Қазақстанға алғаш рет келгенде көбісінің ағылшынша сөйлемейтінін білдім. Орыс тілін үйренуіме алты ай уақыт кетті. Жарты жылдан соң командалас әріптестерімді аздап түсініп, сөйлесе бастадым. Сөйте тұра мені Қазақстанда өте ашық, қашан да қол ұшын созуға дайын адамдар қоршады.
— ҚПЛ инфрақұрылымы таңғалдырған жоқ па?
— Әрине, Қазақстанға алғаш келгенде таңғалғаным рас. Себебі «Астана Аренадан» басқа стадионның бәрі ескі еді. Қазір клубтардың басшылары алаң сапасын арттыруға тырысып жатқанын байқадым. Қазақстанда жаңа стадиондар салынғанын қалаймын. Сербияда да ескі стадиондар бар. «Црвена Звезда» ескі аренада ойнайды, бірақ ол еуропалық стандартқа сай болуы үшін жөндеуден өткен. Киім ауыстыратын, шомылатын бөлемелердің барлығы жаңа. Мемлекетте басқа маңызды істер болғандықтан да Қазақстанда жаңа стадиондардың салынбайтын шығар. Қазақстанда адамдар өте қиын жағдайда өмір сүреді, сондықтан да өңірлердің басшылары футболды дамытуға аса көңіл бөлмейді.