Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Люксембургтен абыройсыз қайтқан «Ордабасы» ойыншысы жанкүйерлерге үндеу жасады (ВИДЕО)

24.07.2024, 10:17

Қарымта матч 1 тамызда Шымкентте өтеді

Люксембургтен абыройсыз қайтқан «Ордабасы» ойыншысы жанкүйерлерге үндеу жасады (ВИДЕО)
Ордабасы ФК

Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Люкусембургтің «Дифферданж» клубынан жеңіліп қалған «Ордабасы» шабуылшысы Бауыржан Исламхан жанкүйерлерге үндеу жасады.

Аталған матч Дифферданж қаласының орталық стадионында өткен. Алаң иелері 37-минутта бір гол соққаннан кейін есеп өзгерген жоқ.

«Бүгінгі ойын біз үшін дұрыс емес нәтижемен аяқталды. Сіздер ойламаңыздар, мұнымен бітті деп. 1 тамыз күні Шымкентте «Қажымұқан» стадионында екінші ойынымыз болады. Сол ойында барлық жанкүйерді күтеміз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге ауадай қажет», - деді Исламхан.

Еске салайық, ел чемпионы «Ордабасы» биыл еурокубок жарысын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған. Алайда, бірінші айналымда Молдованың «Петрокубінен» аса алған жоқ. Шымкентте өткен бірінші ойында 0:0 есебі тіркелгенімен, сырт алаңда Седнев шәкірттері 0:1 есебімен жеңіліп қайтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам