Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Конференция лигасы: «Астана» соңғы минутта қолда тұрған жеңістен айрылып қалды

26.07.2024, 00:53

Қарымта матч 1 тамызда Қазақстанда өтеді

Конференция лигасы: «Астана» соңғы минутта қолда тұрған жеңістен айрылып қалды
Астана ФК

Конференция лигасында өнер көрсетіп жатқан «Астана» клубы алғашқы ойынын тең аяқтады. Сырт алаңда Молдованың «Милсами» клубымен кездескен жерлестеріміз 1:1 есебімен тарқасты.

Алғашқы тайм есеп ашылмаса да, командалар жиі шабуылдады. Ал, екінші таймда «Астана» басымдықты өз қолына алып, 57-минутта есеп ашты, гол авторы – Назми Грипши.

Матч соңына дейін осы есеп сақталып тұрған. Алайда, «Милсами» қорғаушысы Кой Лупано 90-минутта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Айта кетейік, «Астана» Конференция лигасын екінші айналымнан бастады. Қарымта матч 1 тамызда Қазақстанда өтеді.

Ал, іріктеу кезеңінің бірінші айналымында «Ақтөбе» «Сараеводан» жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам