Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Бақтиер Зайнутдинов еліміздің ең қымбат футболшысы атанды

28.11.2023, 14:21

Екінші орында – Нұралы Әліп, үшінші – Александр Меркель

Бақтиер Зайнутдинов еліміздің ең қымбат футболшысы атанды
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және түркиялық «Бешикташтың» шабуылшысы Бақтиер Зайнутдинов еліміздегі трансферлік құны ең қымбат ойыншы атанды. 

«Бешикташ» футбол клубымен келісімшартқа отырған ойыншының құны бүгінде 5 млн еуроны құрайды екен.

Қазіргі уақытта клуб басшылығы келісім бойынша отандасымызға жылына 1,2 млн еуро еңбекақы төлеп отыр. 25 жастағы футболшы болашақта тағы қымбаттай түсуі мүмкін. Ол өзі ойнайтын клубта бірнеше рет көзге түсіп, маңызды матчтарда шешуші рөл атқарды.

Бұдан бөлек, бүгінде «Зениттің» қорғаушысы Нұрәлі Әліп 1,2 млн еуро, Александр Меркель 1 млн еуро, «Қайрат» сапындағы Абат Айымбетов 900 мың еуро, «Астана» қатарындағы Асхат Тағыберген 850 мың еуро, Георгий Жуков 750 мың еуроға бағаланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам