Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бешикташтың» бапкері Зайнутдинов туралы қуанышты жаңалығымен бөлісті

30.11.2023, 12:39

Бүгін түркиялық клманда «Брюггемен» кездеседі

«Бешикташтың» бапкері Зайнутдинов туралы қуанышты жаңалығымен бөлісті
Фото ашық дереккөзден

Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубының жартылай қорғаушысы – қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов Еуролига ойындары аясында «Брюгге» командасына қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін. Бұл туралы түркиялық бапкер Риза Чалымбай мәлімдеді.

Есте болса, Түркия чемпионатындағы кезекті ойында Зайнутдинов қарсылас команданың футболшысына соғылып, бетінен ауыр жарақат алған болатын. Сондай-ақ, оның мұрны сынды.

«Жеті-сегіз ойыншы жарақат алды. Мен мұндай көп жарақатты ешқашан көрген емеспін, мұндай жағдайды бірінші рет кездестіріп тұрмын. Оның себебі неде екенін білмеймін. Рашид Геззал «Башакшехирмен» ойында алаңға шығып, бес минуттан қайта шықты. Жастар құрамасынан ойыншылар алдық, мен олардың көп болғанын қалаймын. Неджип Уйсал мен Омар Колли сенімді, бірақ Неджип ойындардан шеттетілді. Умур Мераш тізімде жоқ, сол қапталда ойнай алатын ойыншы жоқ. Бақтиер Зайнутдинов бетперде киіп ойнауы мүмкін», - деп келтіреді Ntvspor «Бешикташ» бапкерінің сөзін.

«Бешикташ» пен «Брюгге» кездесуі 30 қарашада Стамбұлда өтеді. Бельгиялық клуб 10 ұпаймен топ көшін бастап тұрса, «Бешикташ» еншісінде небәрі бір ұпай бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам