Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Жеңіп тұрып жеңілді: Қазақ футболшысының Өзбекстандағы дебюті сәтсіз аяқталды

06.08.2024, 17:21

Әбинұр бұған дейін Беларусьтің «Гомель» клубында өнер көрсеткен

Жеңіп тұрып жеңілді: Қазақ футболшысының Өзбекстандағы дебюті сәтсіз аяқталды
«Андижан» ФК

Футболдан Өзбекстан чемпионатының 14-турында «Андижан» мен АГМК клубтары кездесті. «Андижанның» стадионында өткен матчта қонақтар 2:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойында «Андижан» сапын жақында ғана толықтырған 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет дебютін өткізді. Бұған дейін Беларусьтің «Гомель» клубында өнер көрсеткен Қазақстан жастар құрамасының футболшысы шілде айында өзбек командасына ауысқан.

Нұрымбет алаңға 88-минутта шықты. Бастапқыда алаң иелері Ильхомжон Абдуганиев (30-минут) пен Леван Арвеладзенің (41-минут, пенальтиден) арқасында есепте алда келе жатқан – 2:0. 

Алайда Алмалық клубының ойыншылары таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіске жетті. Үзіліске дейін Клейди Дачи есепті қысқартса, екінші таймда дубль авторы атанды. Жеңіс голын 78-минутта қонақтар сапынан Ричард Санчес соқты.

Осылайша, Әбинұр Нұрымбеттің Өзбекстан біріншілігіндегі дебюттық ойыны «Андижанның» жеңілісімен аяқталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам