Матч тағдырын Серхио Камельо шешіп тастады
Тьерри Анри жаттықтыратын футболдан Франция құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында Испаниядан жеңілді. Матчтың негізгі бөлігі 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, овертаймда «қызыл фурия» екі гол соғып, Олимпиада чемпионы атанды.
Ойындағы бірінші голды француздар соққан. 11-минутта Энцо Мийо діл соққысымен көзге түсті. 18-минутта Фермин Лопес Мартин есепті теңестірсе, араға жеті минут салып ол дубль авторы атанды. Ал, 28-минутта Испания жартылай қорғаушысы Алекс Баэна айып добын дәл орындап, есепті 3:1-ге жетікзді.
Екінші таймда Анри шәкірттері толассыз шабуылға көшті. 79-минутта Магнес Аклиуше есепті қысқартса, 90+3 минутта шабуылшы Жан-Филипп Матета Испания қақпасына үшінші голды соқты.
Матчтан кейінгі овертаймда Испания ойыншылары есепті 5:3-ке жеткізді, екі голдың да авторы – Серхио Камельо.
Айта кетейік, Токиода өткен соңғы Олимпиада ойындарын Бразилия құрамасы жеңіп алған болатын. Финалда олар Жапония футболшыларын жеңген еді.