Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«1 млн доллар қарыз». «Шахтер» клубының басшылары 421 млн теңгені талан-таражға салған

14.08.2024, 16:27

Біліксіз басшылардың кесірінен клуб ірі көлемде қарызға бата түскен

«1 млн доллар қарыз». «Шахтер» клубының басшылары 421 млн теңгені талан-таражға салған
instagram.com/shakhterfc

Еліміздің жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті сараптамалық анықтама жасады. Онда қарағандылық «Шахтерді» ұзақ уақыт бойы тиімсіз спорт менеджерлері басқарғаны анық көрсетілген.

«Дядя Ваня» телеграм-арнасының жазуынша, біліксіз басшылардың кесірінен клуб ірі көлемде қарызға бата түскен. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы бойынша берешек көлемі 421 млн теңгені құрап отыр.

«Осыған дейінгі жылдар аралығында клуб нақты қаржылық жағдайын ескермей, қаражатты одан әрі өндіріп алуға (ФИФА ойыншыларының өтініші арқылы) әдейі мүмкіндік жасай отырып, миллион долларға жуық қарызға дейін жеткізетін жағдайға әкелді», - деп жазылған агенттік анықтамасында.

Кеншілер қаласының клубы 2018 жылдан 2022 жылға дейін «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қоғамдық қорына сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда, көрсетілген мерзім өткеннен кейін ҚҚ клубты жекешелендіруден бас тартып отыр. Осы уақыт ішінде қарағандылық «Шахтер» клубына облыстағы футболды дамытуға мемлекеттік қазынадан 10,25 млрд теңге бөлінген. «Шахтер» 2018 жылы 2,05 млрд қаржы шығындап, ел чемпионатында 8-ші орынға тұрақтаған. Ал 2019 жылы 2,4 млрд жұмсап, Қазақстан біріншілігінде 9-шы сатыға жайғасты. 2020 жылғы шығын 2,5 млрд болса, нәтижесі 4-ші орын, ал 2021 жылы 1,2 млрд алып, Премьер лига кестесінде 7-ші орынға ие болды. 2022 жылы клуб шығыны 2,1 млрд теңгеге жетіп, турнир тізімінде 7-ші орынды сақтап қалған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам