“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Конференция лигасы: «Астана» қарсыласын тас-талқан етіп ұтып, келесі кезеңге өтті

14.08.2024, 23:07

Екі матч қорытындысы бойынша есеп - 8:2

Конференция лигасы: «Астана» қарсыласын тас-талқан етіп ұтып, келесі кезеңге өтті
ҚФФ

Алматыда Конференция лигасының үшінші іріктеу раундының қарымта матчында «Астана» Румынияның «Хунедоара» клубын қабылдады.
Алғашқы матч елорда клубының жеңісімен аяқталған - 2:1, екі гол да екінші таймда соғылды.

Өз алаңындағы ойында астаналықтарға келесі кезеңге өту үшін тең есептің өзі жеткілікті болатын. Дегенмен елорда клубы қорғанысқа жатып алмай, шабуылдауды құп көрді. Нәтижесінде 13-минутта Чинеду Джеффри «Астананы» алға шығарып, румын футболшыларының жағдайын күрделендіре түсті.

Екінші таймда шабуылды үдеткен астаналық ойыншылар қарсылас қақпасынан бірінен соң бірі саңылау тапты, тиісінше есеп 6:1-ге жетті.

Екі матч қорытындысы бойынша есеп - 8:2.

«Астана» іріктеудің плей-офф раундына шығып, енді «Бранн» − «Сент-Миррен» клубтарының қай жеңгенімен кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам