Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға төмендеді

30.11.2023, 22:42

Ұлттық құраманың рекорды – 86-орын

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға төмендеді
Қазақстан футбол федерациясы

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы екі сатыға төмендеп, 100-орынға жайғасты. Бұған дейін біздің футболшылар 98-орынға көтеріліп, жанкүйерлер мерейін үстем еткен болатын.

Қараша айында Магомед Адиев шәкірттері екі ойын өткізді. Алдымен өз алаңында Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңсе, артынша сырт алаңда Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сол жеңіліс ФИФА рейтингіне әсер еткен секілді.

Жаңартылған тізім төмендегідей: 

1 (1). Аргентина - 1855.2 ұпай;
2 (2). Франция - 1845,44;
3 (4). Англия - 1800.05;
4 (5). Бельгия - 1798.46;
5 (3). Бразилия - 1784.09;
6 (7). Нидерланды - 1745.48;
7 (6). Португалия - 1745.06;
8 (8). Испания - 1732.64;
9 (9). Италия - 1718.82;
10 (10). Хорватия - 1717.57;

...100 (98). Қазақстан - 1215.16

Айта кетейік, Қазақстанның бұл рейтингтегі ең жоғары нәтижесі 2016 жылы тіркелген болатын. Ол кезде біздің құрама 86-орынға дейін көтерілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт