Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ламин Ямальдің әкесін пышақтап кетті

15.08.2024, 11:27

Жұлдызды футболшының әкесі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген

Ламин Ямальдің әкесін пышақтап кетті
get

Испания құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Ламин Ямальдің әкесі Мунир Назрауи пышақ жарақатын алып, Бадалон қаласындағы ауруханаға түсті.

La Vanguardia мәліметінше, Матаро қаласында ер адам көлік тұрағында Назрауиді пышақтап кеткен. Жұлдызды футболшының әкесі шұғыл түрде Сан Рутидегі ауруханаға жеткізілген.

Футболшының әкесі Матаро қаласында көршілерімен ерегесіп қалған, көп ұзамай оның бірнеше пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

Дереккөздер қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқтығын алға тартуда. 

Желіде Ямальдің әкесі мен көршілері арасындағы кикілжіңнің видеосы тарады. Кадрдан полицияның Мунир Назрауиді алып кеткенін көруге болады. 

Ламин Ямаль – «Барселона» тәрбиеленушісі. 17 жастағы аяқ доп шебері Испания және Еуропа чемпионы атақтарына қол жеткізіп үлгерді.
Ал Еуро-2024-те ол турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам