“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Зайнутдинов Ресейді емес Украина чемпионатын таңдады

18.08.2024, 16:54

Түркия мен Украина клубтарының өкілдері кездесіп, трансфер туралы талқылаған

Зайнутдинов Ресейді емес Украина чемпионатын таңдады
fccaspy.kz

Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" клубынан Киевтің "Динамосына" ауысуы мүмкін.

UA-Football.com мәліметінше, Түркия мен Украина клубтарының өкілдері кездесіп, трансфер туралы талқылаған. Зайнутдиновке Мәскеудің "Динамосы" да қызығушылық танытып отыр.

Естеріңізде болса, жаздың басында "Бешикташ" Зайнутдиновті "Зенитке" сатпақ болған, алайда қазақстандық ойыншы Ресей біріншілігіне оралудан бас тартты.

Батека жарақатына байланысты маусым алдында ойнаған жоқ, ал бірінші маусымда барлық турнирде 37 матчта алаңға шықты.
Бір қызығы, "Бешикташ" сапындағы жалғыз голды Зайнутдинов дебюттық ойынында дәл осы Киевтің "Динамо" клубына соқты.
21 және 28 тамызда "Динамо" Австрияның "Зальцбург" клубымен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін кездеседі, ұтылған команда Еуропа лигасына аттанады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам