Самородов жарақатына байланысты келе алмауы мүмкін
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында қыркүйекте болатын матчтарға кімдердің шақырту алғанын хабарлады.
Оқу-жаттығу жиындары 1 қыркүйекте басталады. Әзірге 36 футьолшыға шақырту түскен. Ал, негізгі құрам мен қосалқы құрамға кімдердің енетіні осы жаттығулардан кейін белгілі болады.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбай жарақат алған. Олар қыркүйек айында құрама сапына қосыла ма, жоқ па – әзірге белгісіз.
Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте өз алаңында Норвегияны қабылдаса, 9 қыркүйекте Словенияға қонаққа барады.
Черчесов шәкірттері B лигасының үшінші тобында өнер көрсетуде. Топта осы үш командадан бөлек Аустрия құрамасы да бар.