“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қайрат Нұрдәулетов «Ордабасының» бас бапкері болады

19.08.2024, 19:25

«Ордабасының» бұған дейін тізгінін ұстаған Александр Седнев өзінің кететінін жариялады

Қайрат Нұрдәулетов «Ордабасының» бас бапкері болады
Sports.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Қайрат Нұрдәулетов Шымкенттің «Ордабасы» клубына бас бапкер болып тағайындалады. Бұл туралы ЖаркОFF телеграм-арнасы мәлімдеді. Бүгінде Нұрдәулетов «Жетісу» клубын баптайды.

«Ордабасы» клубының басшылығы мен Қайрат Нұрдәулетовтің өзара келіссөздері табысты аяқталуға жақын. Енді Шымкент клубының Қайрат Жұмабекұлын ресми таныстыруын асыға күтеміз», - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, «Ордабасының» бұған дейін тізгінін ұстаған Александр Седнев клуб еурокубоктардан шығып қалған соң өзінің кететінін жариялады. Жалпы, жаңа маусымды Шымкент командасы Чемпиондар лигасынан бастаған, алайда нәтижесінде тіпті Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жете алмады.

Қазіргі таңда «Ордабасы» ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам